Әлеумет және қоғам

Мақпал Жүнісова Құралай Нұрқаділованың кезінде пышақ салғанын айтты

Фото: жеке қорынан

Әнші Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовтің қызымен болған жанжал туралы ойын айтты, деп жазды qandastar.kzті.

«Әкесін мен өлтірді деп балалары маған жала жапты. Мерей 11-сынып бітірген кезде де келмеген адамдар. Одан кейін барып анау жақтағы қыз «Мақпалмен өлсем де араласпаймын, Мереймен араласуға болады» деп сұхбат беріп отыр. Мерейдің телефонын Алтынбек Қоразбаев ағадан сұрап алған. Мерейге қоңырау шалып, мазасын ала бастады. Оны маған Мерей айтты. Содан кейін шындықты айтуыма тура келді. Құралай маған пышақ салған. Концерттің алдында Республика сарайының жанында пышақтап кеткен. Ол «Вечерний Алматы» деген газетке шыққан. Нұрқаділовтің қызы деп тұрып шықты», – деді әнші.

Алайда өнер иесі жолдасы үшін кешірім беріп, істі жауып тастағанын алға тартты.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close