Жаңалықтар
Мақпал Жүнісова қызы туралы жазба жариялады

фото: ашық дереккөзден
Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова жалғыз қызы әлеуметтік желіде Мерей туралы жүрекжард жазбасын жариялады, деп хабарлайды qandastar.kz сайты.
Өнер иесі жүрекжарды жазбада қызының өзіне тірек, сырлас дос екенін ерекше атаған.
«Қызымның айтқанын тыңдаймын. Сәл сырқаттанып қалсам, жаны шығып кете жаздайды. “Мама, сен ауырмашы, сен әлі керексің” дейді. Сырымды да, мұңымды да Мерейге айтып отырамын. Ол тек балам емес, досым сияқты», – деді Мақпал Жүнісова.
Оған қоса әнші қызының өмірлік шешімдеріне де араласып, ақыл қосатынын жасырмады. Сондай-ақ, әнші жалғыздықтың кей сәттерде жанын ауыртатынын айтып, марқұм жолдасы Заманбек Нұрқаділовті жиі еске алатынын жеткізді.
«Ондайда халықтың өзі басу айтады. “Сіз жалғыз емессіз, біз бармыз” дейді. Халықтан артық бағалаушы жоқ. Сахнада өзімді бақытты сезінетінім рас», – деп түйіндеді ол.