Қазақстанның халық әртісі Макпал Жүнісова әлеуметтік желіде сирек кездесетін архивтік видеосын жариялап, жанкүйерлерін ностальгияға бөледі, деп жазады qandastar.kz.
Жақында 62 жасқа толған әнші бұл видеоны туған күніне орай жариялаған.
11 қаңтарда туған күнін атап өткен өнер иесі Instagram парақшасында жас кезіндегі бейнесі түсірілген роликпен бөлісті. Видеода ол домбыра ұстап, сахнада ән шырқап тұр. Бейнероликке фон ретінде Макпал Жүнісованың орындауындағы «Қазақтың ерке қызымын» әні қойылған.
Желі қолданушылары бұл жазбаға жылы лебіздерін білдіріп, әншінің жылдар өтсе де көркі мен харизмасын жоғалтпағанын атап өтті.
«Мүлде өзгермепсіз», «Бұл ән дәл сіз туралы, жұлдызыңыз одан әрі жарқырай берсін», «Неткен сұлу», «Ах, жастық шақ қандай керемет», — деді пікірлерде.

