Жаңалықтар
Макрон әйелін ер адам деп атаған блогерді сотқа берді

Франция президенті Эммануэль Макрон мен жұбайы Брижит өздері туралы жалған ақпарат таратқан америкалық блогерді сотқа берді, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты ВВС порталына сілтеме жасап.
Бұған дейін блогер Макронның әйелі ер адам болып туған деп мәлімдеп, миллиондаған адамға таратқан.
Блогер бірнеше рет Брижит Макронның ер адам болып туғанын жария еткен. AFP агенттігінің хабарлауынша, шағымда Оуэнс таратқан ақпараттар «жалған, жала және ойдан құрастырылған» деп сипатталған.
Кэндис Оуэнс әлеуметтік желілерде миллиондаған жазылушысы бар, конспирологиямен айналысатын танымал тұлға. Ол Брижит Макронның жынысын өзгерткені туралы бейнероликтер сериясын да жариялаған («Брижитке айналу» атауымен).
Бұл теория бірнеше жылдан бері әлеуметтік желілерде таралып келеді және онда Брижит Макрон шын мәнінде Жан-Мишель Троньё деген атпен туған делінеді. Алайда бұл – Брижиттің туған ағасының есімі, және теорияның ешбір дәлелі жоқ.