Әлем жаңалықтары
Макрон Украина мен Ресейге ішінара бітімге келуді ұсынбақ

Фото: Yara Nardi
Макрон Украина мен Ресейге ішінара бітімге келуді ұсынбақ, деп жазды qandastar.kz
Франция мен Ұлыбритания Ресей мен Украина арасында бір ай мерзімге уақытша бітімге келуді ұсынып отыр. Бұл туралы Франция президенті Le Figaro газетіне берген сұхбатында айтты. Келісім әуе және теңіздегі соққыларды, энергетикалық инфрақұрылымға шабуылдарды тоқтату туралы тармақтардан тұруы тиіс. Бұл уақыт нақты бейбітшілікке, келіссөздерге қол жеткізу үшін қажет, деп есептейді Эммануэль Макрон. Оның сөзінше, Франция мен басқа да еуропалық елдер қорғанысқа кететін шығынды арттыруды жоспарлап отыр. Бұл көрсеткіш жалпы ішкі өнімнің 3,5%-на дейін жетуі мүмкін.