Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі әлеуметтік желідегі парақшасында маңызды мәлімдеме жариялады, деп жазады qandastar.kz.
Ол өз атымен таралып жүрген жалған жазбаларға түсініктеме беріп, TikTok қолданбайтынын айтты.
«TikTok әлемінде мен жоқпын, ол жерді мүлде пайдаланбаймын. Менің атымнан түрлі сипаттағы жазбаларды таратып жүргендердің сөзіне сенбеңіздер. Мақсаттары — әдейі арандату, жұрттың назарын аудару және пікір жинау. Адвокаттар бұл мәселені аяқтауға жақын. 21 ғасырда өмір сүріп жатқан сауатты жандар, жасанды интеллекті мен жалған контентті ажырата алатын шығарсыздар. Кез келген ақпаратқа сене бермеңіздер», — деп жазды ол.




