Қазақстандық әнші Ерке Есмахан отбасындағы қуанышты жаңалығын Instagram парақшасында жариялады, деп жазады qandastar.kz.
Өнер иесінің айтуынша, 19 қаңтар күні олардың шаңырақ көтергеніне үш жыл толған.
«Қорытындысы – біз бақыттымыз және үш ұлымыз бар», – деп жазды әнші, отбасылық амандық үшін Аллаға шүкіршілік еткенін атап өтті.
Сондай-ақ Ерке Есмахан бұл айтулы күнді жолдасымен бірге Мальдив аралдарында, мұхит жағасында атап өткенін жеткізді. Әнші қазақстандық орындаушы Раймбек Бактыгереевпен, сахналық есімі Raim ретінде танымал өнерпазбен некеде.