Әлеуметтік желілерде Сауда және интеграция министрлігі өкілінің бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты пікір білдірген бейнежазбасы тарады. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі inform_kaz парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Видеода шенеунік жануарлар, оның ішінде сиырлар әлеуметтік уақытқа бағдарланбайтынын айтқан.
Министрлік өкілінің айтуынша, жануарлардың биологиялық ырғақтары табиғи факторларға — жарық деңгейіне, қоректену режиміне және физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты қалыптасады. Осыған байланысты ол уақыт белдеуінің өзгеруі мал өнімділігінің төмендеуіне әкеледі деген алаңдаушылықтың ғылыми негізі жоқ екенін атап өтті.
Аталған пікір қоғамда бірыңғай уақытқа көшу салдары талқыланып жатқан кезеңде айтылып, әлеуметтік желілерде кең резонанс тудырды.



