Жаңалықтар

МӘМС проблемасы ушығып барады – Асхат Аймағамбетов

Медицина саласына қатысты халықтың сенімі төмендеп отыр.

Парламентт Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов жақында арада еліміздегі медицина саласындағы мәселелерді шешу керек екенін айтты,-деп хабарлайды Qandastar.kz

Жалпы, жақсы шешімдер де бар, сондай-ақ біз келіспейтін шешімдер де байқалып отыр. Жақында біз онкология туралы мәселені көтердік. МӘМС бойынша проблемалар әлі де шешілген жоқ. Одан сайын МӘМС проблемасы ушығып бара жатыр. Медицина саласына қатысты халықтың сенімі төмендеп отыр, яғни соңғы зерттеулер осыны көрсетті», – деді А. Аймағамбетов.

Сондай-ақ, ол Денсаулық сақтау министрлігіне келген жаңа басшылық аталған жағдайды өзгертеді деген сенімін айтты.

«Сондықтан жан-жақты пысықтап, МӘМС мәселесін шешуіміз керек», – деді депутат.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close