Әлеумет және қоғам

МӘМС-тің төрағасы қызметінен кетті

Фото: politic.kz

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) басқарма төрағасы Әбілқайыр Сқақов қызметінен кетті, деп хабарлайды qandastar.kz

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Бүгін мен ресми түрде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасы қызметінен кеттім. Бұл менің ойластырылған шешімім. Маған сенім артқаны үшін мемлекет басшылығына алғысымды білдіремін. Осындай маңызды ұйымды басқару – үлкен жауапкершілік және осы бағытта жұмыс істеп, денсаулық сақтау саласын қаржыландыру саясатын іске асыру мен үшін үлкен мәртебе болды.

Сондай-ақ медицина және сарапшылық қауымдастықтағы әріптестеріме ерекше ризашылығымды білдіремін. Біз ашық пікір алмасып, кейде қызу талқыға түстік. Бірақ әрдайым ортақ мақсат – МӘМС жүйесін жетілдіру үшін жұмыс істедік. Осындай бірлескен тиімді жұмыс үшін көп рақмет!» – деп жазды Әбілқайыр Сқақов.

Бұрын Павлодар облысының әкімі болған Сқақов осы қорды 2023 жылдың қыркүйегінен бастап басқарып келген еді.

Еске сала кетсек,  өткен жылы Қазақстанда петиция пайда болып, оның авторлары міндетті медициналық сақтандыру жүйесін өзгертуді талап еткен еді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close