Жаңалықтар

Маңғыстау әкімі жастарға білім алу үшін Ақтауда қалмауға кеңес берді

Фото: stan.kz

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте жастарға даму үшін басқа қалаларда білім алуға кеңес берді. Бұл туралы qandastar.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Нұрдәулет Қилыбайдан брифинг барысында жастар мәселесі қозғалып, олардың басқа қалаларда білім алуына қатысты сұрақ қойылған

«Бізде туризм колледжі жастар арасында сұранысқа ие. Түлектер де жұмыссыз қалмайды, диплом алған соң жергілікті туристік нысандарға бірден орналасады. Жоғарғы оқу орындарына келсек, қазір 13 мың студент білім алып жатыр. Тек Ақтауда оқу міндетті емес. Маған таңдау берсе, мен Ақтауды туып өскен соң, басқа қалада оқитын едім. Мен Алматыда темір жол институтын аяқтадым. Ол жерде жаңа достар таптым, барша Қазақстанның ділімен таныстым. Мен үшін оңтүстіктен, солтүстіктен, шығыс не батыстың тумасы деген пікір жоқ. Сондықтан меніңше, туған қалаңда қалғанша, танымың мен ойлау қабілетіңді жақсарту үшін басқа қалаға кеткен жөн», – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Облыс әкімі жастардың басқа қалаларға кетуі қалыпты жағдай дейді.

«Тіпті өз балаларымның да Ақтауда қалғанын қаламаймын. Мен қандай жолмен өтсем, олар да соны көруі керек. Шынымды айтайын, мен Ақтауда оқуға кеңес бермеймін. Білім сапасын құрметтемеймін деген сөз емес. Есенов университеті сапалы білім береді. Бұл таным көкжиегіне қатысты», – деп түсіндірді облыс басшысы.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close