Жаңалықтар

Маңғыстау мұнайшылары ереуілге шықты

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Маңғыстау облысындағы «МұнайСпецСнаб Компани» серіктестігі жұмысшыларының ереуіліне байланысты ресми мәлімдеме жасады, деп жазды qandastar.kz

Ұлттық компанияның хабарлауынша, ереуіл тоқтап, қызметкерлер мен жұмыс беруші арасындағы келіспеушіліктер толық шешімін тапқан.

«29 қазанға қарай ‘МұнайСпецСнаб Компани’ мекемесіндегі ахуал толық қалыпқа келтірілді. Кәсіпорын өз жұмысын толық көлемде жалғастырып, қызметкерлер жұмыс орындарына қайта оралды», – делінген «ҚазМұнайГаз» таратқан ресми ақпаратта.

Мәліметке сүйенсек, ереуілге қатысқан жұмысшылар өз талаптарын мердігер компания басшылығына тікелей жеткізген. Келіссөздердің нәтижесінде екі тарап өзара ортақ шешімге келіп, өндіріс процесі қайта жанданған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button