Қайғылы оқиға 14 қаңтар күні Ақтау гарнизонының Оймаша әскери полигонынан бөлімшеге қайтып келе жатқан кезде болды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі мән-жайды айтты.
«Қолайсыз ауа райы жағдайында, яғни көктайғақ, көріну нашарлап, қараңғы түскен уақытта КамАЗ автокөлігі келісімшарт бойынша қызмет атқаратын кіші сержантты қағып кетті», — делінген мәлімдемеде.
Жарақат салдарынан әскери қызметші оқиға орнында көз жұмды.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.
«Отбасына заңнамаға сәйкес қажетті көмек көрсетіледі», — делінген мәлімдемеде.



