Жаңалықтар

Маңғыстауда дәрігерге жасалған шабуыл адам өлімімен аяқталды

Жаңаөзендегі ауруханада 29 жастағы терапевт-дәрігер қаза тапты, деп жазады qandastar.kz сайты kznews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Жаңаөзенде болған шабуыл туралы ақпарат тараған болатын. Мәліметке сәйкес, 2026 жылғы 28 қаңтар күннгі сағат 14:00-де белгісіз ер адам терапевт-дәрігерге шабуыл жасап, оны пышақтаған.

Алдын ала деректер бойынша, оқиға дәрігердің кәсіби қызметімен немесе медициналық мекемедегі жұмысымен байланысты емес.

Маңғыстау облысының Полиция департаменті адам өлтіру фактісін растады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алдын ала болжам бойынша, ер адамдардың арасындағы жанжал отбасылық-тұрмыстық қатынастар негізінде туындаған. Оқиғадан кейін күдікті өз еркімен Жаңаөзен қалалық Полиция басқармасына келіп, жасаған ісін мойындаған.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button