Жаңалықтар

Маңғыстауда полиция бекетінің алдында ер адам өзін-өзі өртемек болды

 Бейнеу ауылында жергілікті тұрғын полиция бекетінің жанында жанғыш сұйықтықты шашып, өзіне от жағуға әрекеттенген, деп жазды qandastar.kz

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ер адам оқиғадан аз уақыт бұрын жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл төлеген. Кейін ол полиция бөліміне қайтып келіп, қызметкерлердің әрекетіне көңілі толмайтынын білдіріп, шарасыз қадамға барған.

Полицейлер дереу араша түсіп, ер адамды аман алып қалды. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button