Жаңалықтар
Маңғыстауда уланған оқушылардың саны 140-тан асты
Фото: ашық дереккөз
Маңғыстау облысында уланып қалған оқушылардың саны 140-тан асты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаппай улану дерегі Бесшоқы ауылында тіркелген. Соңғы деректерге сәйкес медициналық көмекке 141 бала жүгініпті. Оның ішінде 82 оқушы емханада ем қабылдап жатса, 43 бала үйде дәрігердің бақылауында, 16 бала ауруханаға жатқызылған.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы қажетті дәрі-дәрмек пен төсек-орын жабдықтары бар екенін жеткізді. Жедел жәрдем қызметі көмек көрсету үшін толық құрамда жұмыс істейді екен.
Еске салайық, Маңғыстау облысында Бесшоқы ауылындағы №8 мектепте оқушылар жаппай тамақтан уланып қалғаны туралы хабарлаған едік. Деректерге сүйенсек, мектеп асханасына барған 1-4 сынып оқушылары зардап шекті.