
Фото: ашық дереккөз
Маңғыстау облысында орналасқан №99116 әскери бөлімінде өзіне қол салу әрекетіне күдікті сарбаздардың саны үштен жетіге дейін артқаны белгілі болды, деп жазды qandastar.kz
Бұған дейін үш сарбаз туралы хабар тараса, кейінірек тағы төрт әскери қызметкерге қатысты осындай жағдай тіркелгені анықталды.
Барлық жеті сарбаз да білектерінен жарақат алған. Олар шұғыл түрде медициналық көмекке жүгіндіріліп, психиатриялық ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта үш сарбаз дәрігерлердің бақылауында қалып отыр. Қалған төрт жауынгерге психикалық күйіне байланысты тиісті анықтамалар беріліп, олар ата-аналарымен бірге үйлеріне жіберілген.
Оқиғаға қатысты ресми органдар тергеу жүргізіп жатыр.