
Әлеуметтік желіде Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың өнер адамдарына құрмет көрсеткен сәті қызу талқыланды, деп хабарлайды qandastar.kz.
Белгілі тележүргізуші Данияр Есен жүктеген видеода әкім іс-шара ұйымдастырушыларға:
«Мен жүрген жерде өнер адамдарын шеттетпеңіздер. Іс-шара болсын, басқа болсын, домбырашыларды босағаға отырғызбаңыздар. Бұл кісілердің орны төрде», – деп айтқан.
Желі қолданушылары әкімнің бұл сөзін қолдап, «Қазақтың қасиетті қара домбырасына көрсетілген құрмет», «Әп, бәрекелді!», «Өнерпаздарды төрге шығару – дұрыс іс» деп оң пікірлерін білдірді.