ӘкімЖаңалықтарҚаржы және төлемдер

Маңғыстаудың әкімі тоқалдан туған ұлына қанша алимент төлеп отқанын айтты

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай бұрынғы тоқалынан туған ұлына алимент төлеп отырғанын айтты. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі bairaq_media парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Нұрдәулет Қилыбайдың сөзінше, оның облыс әкімі ретіндегі жалақысы — 1 миллион 900 мың теңге. Сол айлықтың 25% пайызынан некесіз туылған ұлына алимент төлеп отырғанын айтты.  Бұл шамамен 475 мың теңге. Бірақ баласымен араласпайтынын ашық мойындады.

Айта кетсек, бұған дейін бұрынғы Маңғыстау облыстық мәслихатының экс-депутаты Ынташ Наурызова есімді әйел әлеуметтік желіде бірнеше рет мәлімдеме жасап, әкімнің ұлы үшін жауапкершілік алмағанын айтқан болатын. Алайда, бүгін Маңғыстау басшысы ұлын тану үшін сотқа алдымен өзінің жүгінгенін жеткізді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button