Марқұм Нұрай Серікбайдың өмірінің соңғы сәттеріндегі бейнежазба тарады. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі Bairaq_media парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Кадрларда марқұмды жігіт ұстап, тоқтатпақ болған сәт бейнеленген. Нұрай Серікбай қарсылық танытса да жігіт соңынан қалмаған.
Қылмыс 11 қаңтар күні кешкісін орын алған. 28 жастағы ер адам студент қызды 7 жерінен пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен. Қылмыс жасаған күдікті ұсталып, сот санкциясымен 2 айға қамауға алынды.
Марқұм Нұрай Серікбай Алматыдан Шымкентке қысқы демалысқа келген. Оның туыстары қылмыскерге қатал жазаның берілуін талап етуде.



