Жаңалықтар
Марқұм Шерзаттың әкесі қылмыскерлер берген өтемақыны қайда жұмсайтыны айтты

Қаржаубай Нұрымов қылмыскерлер берген өтемақыны балалар үйіне беретін болды. Бұл туралы заңгер Мейірман Шекеев айтты, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, Қаржаубай әу бастан қандай да бір қаржылай өтемақыға қызықпаған.
«Қаржаубай адал азамат. Маған келгенде «менің Шерзатымды қараламаса болды» деді. Бұл қылмыскерлердің түрмеде отыратынына күмәнім бар, бірақ менің баламды қараламасыншы, менің аманым сол деді. Қаржаубай ақша жинады, «сбор» ашты деген әңгіме шықты. Оның бәрі шындыққа жанаспайды», — деді адвокат.
Оның айтуынша Қаржаубай қылмыскерлерден бір тиын сұраған емес.
«Азаматтық талап қойған кезде бірден бас тартты. Содан кейін мен шартты жазаға шығып кетпеу үшін өтемақы талап ету керек екенін түсіндіргеннен кейін ғана солай істеді. Оның өзінде ақша түсетін болса, оны балалар үйіне аударамын деді», — дейді адвокат.