Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Масаң күйде болған КамАЗ жүргізушісі ондаған адамның өміріне қауіп төндірген

Тәртіп сақшылары Рудный қаласында көп тонналы жүк көлігін басқарған жүргізушіні тоқтатты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы Облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

КамАЗ жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, қауіпті маневрлер жасап, жолдағы барлық қатысушыларға нақты қауіп төндірген.

«32 жастағы ер адамнан алкогольдің өткір иісі шыққан, сөйлеген сөзі түсініксіз, қозғалыс барысында реакциясы баяу болған. Медициналық куәландыру оның ауыр дәрежеде масаң күйде болғанын растады», — делінген мәлімдемеде.

Заңға сәйкес ер адам 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

КамАЗ көлігі арнайы айып тұрағына қойылды.

Полиция масаң күйде көлік жүргізу – адам өміріне тікелей қауіп төндіретінін ескертеді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button