Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

«Мәселе айтсаң, жеке өміріңді қазбалайды»: Павлодарлық тұрғын депутатқа шүйлікті

Павлодар қаласының тұрғыны әлеуметтік желіде мәлімдеме жасап, мәслихат депутаты қорлағанын айтты. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Shyndyk.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әйелдің сөзінше, депутат үнемі жеке басқа өтіп, адамдардың жеке өмірін көпшілік алдында талқылайды. Бұл әрекеттер оған ғана емес, өзге азаматтарға да психологиялық күйзеліс пен жайсыздық тудырып отырғанын атап өтті.

«Оның мәселелерді шешу тәсілі — адамдардың “жеке өмірін қазбалау”, жеке деректерін талқылау. Мұндай жағдай бірінші рет болып отырған жоқ, бұл көп адамға стресс әкелді», — деп жазды ол әлеуметтік желідегі үндеуінде.

Тұрғын Павлодар облысының әкіміне де жүгінгенін, алайда мардымды жауап ала алмағанын жеткізді. Әлеуметтік желіде жарияланған хат алмасу скриншоттарына сүйенсек, әңгіме Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Гүлжайна Дәрімова жөнінде болуы мүмкін.

«Ол — халық қалаулысы. Алайда бұл оған азаматтардың жеке істеріне араласуға немесе оларды көпшілік алдында қорлауға құқық бермейді», — деп жазды автор.

Аталған жағдай әлеуметтік желілерде кең талқыланып жатыр. Қазіргі уақытта мәслихат тарапынан ресми түсініктеме берілген жоқ.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button