Павлодарда алаяқтық әрекеті үшін адвокат сот алдында жауап берді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Тергеу мәліметінше, ол өз клиентін алдап, ірі көлемде ақша иемденген.
Облыстық прокуратураның хабарлауынша, Павлодар облыстық адвокаттар алқасының мүшесі сенім білдірген адамды әдейі жаңылыстырып, оның мәселесін «жоғары жақта шешіп беремін» деп уәде еткен. Адвокат істің оң шешілуі үшін лауазымды тұлғаларға ақша беру қажет екенін айтып, клиентін соған сендірген.
Осылайша ол жәбірленушіден шамамен 6 миллион 100 мың теңге алып, ақшаны өз қажетіне жұмсаған. Тергеу барысында адвокаттың бұл әрекеті алаяқтық және пара беруге арандату ретінде бағаланған.
Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, тиісті жаза тағайындалды.
Құқық қорғау органдары азаматтарға мұндай жағдайларда сақ болуды және кез келген күмәнді ұсыныстар туралы бірден құзырлы органдарға хабарлауды ескертті.



