Жаңалықтар

Мәсімовтен тәркіленген заттар тағы аукционға шығарылды

Фото: Электронды сауда алаңы

ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің Астанадағы үйінен тәркіленген сән-салтанат бұйымдары қайтадан сатылымға қойылды, деп хабарлайды qandastar.kz.

Электронды сауда алаңындағы дерекке сай, барлығы 11 лот, жалпы құны 3,5 млн теңге.

Аукционға: қымбат қаламдар, коллекциялық монеталар, ұлттық оюлы белдік, қылыштар, қанжарлар мен балталар қойылған. Ең қымбат зат – қынабы бар қылыш (930 мың теңге).

Сауда 7 қазан күні сағат 12:00-де өтеді.

Айта кетейік, 16 қыркүйекте өткен алғашқы аукционда Мәсімовтен тәркіленген бірнеше зат сатылған болатын. Қайтарылған активтерді басқару компаниясы бұйымдардың нақты кімнен тәркіленгенін ресми атамаған. Дегенмен олардың барлығы Мәсімовке тиесілі зәулім үйден алынған мүлік ретінде көрсетілген.

 

Back to top button