Жаңалықтар

Мәсімовтің зәулім сарайының тағдыры шешілді

Фото: Даланьюс

Кәрім Мәсімовтің Астанадағы зәулім сарайының тағдыры шешілді, — деп хабарлайды  qandastar.kz   Dalanews.kz-ке сілтеме жасап.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы, бұрынғы премьер-министр Кәрім Мәсімовтің Астанадағы үйі әлеуметтік қажеттілікке байланысты аукционнан алынып тасталды. Бұл туралы Қайтарылған активтерді басқару компаниясы мәлімдеді

Үй қаланың әлеуметтік қажеттілігі үшін сатылымнан алынған.

«2025 жылғы 18 сәуірде «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС мемлекеттік мүлік тізілімінің веб порталына Астана қаласы Нұра ауданы Қараөткел шағынауданы Ерейментау көшесі, 1-үй мекенжайында орналасқан, жертөлесі бар тұрғын үйді электрон сауда арқылы сату туралы хабарлама жариялады. Нысанның бастапқы бағасы 1 685 115 000 теңге болды. Алайда басқарушы компания атына Астана әкімдігінен бұл жылжымайтын мүлікті қаланың әлеуметтік қажеттілігіне беру туралы ресми сұраныс келіп түсті. Әлеуметтік маңызын және заңнама талаптарын ескере отырып, бұл нысан электрон сауда жоспарынан алынды», — деп жазылған хабарламада.

Нысанды әрі қарай пайдалану мәселесі жергілікті атқарушы органның мүдделерін ескере отырып, белгіленген тәртіппен шешілмек.

Айта кетейік, бұған дейін тиісті лот Е-Qazyna электрон сауда алаңының сайтында жарияланған еді. Жертөлесі бар тұрғын үй елорданың Нұра ауданында орналасқан. Жалпы ауданы 2877,7 шаршы метр болатын екі қабатты үй.

Үйге әртүрлі аумақтағы бірнеше жер учаскесі кіреді, олардың бірінде гараж орналасқан. Үй 879 дана мүлікпен бірге сатылатыны айтылды. Олардың арасында жиһаз, тұрмыстық заттар, зергерлік бұйымдар, коллекциялық монеталар, кәдесый ретіндегі қарулар бар.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close