Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Маскадағы адам 30 отбасыға үй сыйлады

Желіде танылған «Маскадағы адам» Рамазан айының құрметіне 30 отбасыға үй сыйлады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

«Маскадағы адам» қайырымдылық қоры ауқымды әлеуметтік жобаны жүзеге асырды.

30 отбасы жаңа баспана алды. Берілген мүліктің жалпы құны 1 миллион долларды құрады.

Пәтерлердің кілттері қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларға табысталды. Көпшілік үшін бұл жаңа өмірдің бастамасы және болашаққа тұрақтылық пен сенімділік табу мүмкіндігі болды.

Желі қолданушылары оған қолдау білдіріп жатыр.

«Әр кез таң қалам саған бауырым, Аллах осы жасырың жүзіңді Биік жәннаттан қылсын», «Қасиетті Рамазан айына дейін 30 отбасына баспана сыйлап, қаншама баланың күлкісін, ананың көз жасын қуанышқа айналдырған Жақсылықтың Иесі…», «Не деген шынайы эмоциялар…елімізде мұқтаж жан болмаса екен» және «Жыламай қарау мүмкін емес» сынды пікірлер жазылып жатыр.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button