Қаржы және төлемдер

Мәжіліс  Бюджет кодексін қабылдап, Сенатқа жіберді

Мәжіліс  Бюджет кодексін қабылдап, Сенатқа жіберді, деп жазды qandastar.kz

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың сөзінше, енді Ұлттық қор қаражаты тек өндіріске немесе елдімекендердің өмірлік маңызы бар инфрақұрылымына жұмсалады. Республикалық бюджетке енгізілетін барлық түзету туралы Парламентке хабарланатын болады. Бұдан бөлек квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметіне депутаттардың бақылауы күшейеді.

Бюджет кодексі болжамдау сапасын арттыруға және бюджеттің кірістерін ұлғайтуға бағытталған. Құжатта экономика салаларының түсімдер көлеміне әсерін талдауды реттейтін нормалар қабылданды. Жаңа заңнама қаражатты игеруге емес, экономика мен өзге де салаларда нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталады деп күтіліп отыр.

Мемлекеттік органдардың кірістерді жоспарлау және әкімшілендіру бойынша өкілеттіктері бір ізге түсті.

Өңірлік бюджеттердің кірістерінің асыра орындалған сомалары ең әуелі қарыз бойынша міндеттемелерді өтеуге және негізгі шығындарды қаржыландыруға бағытталмақ.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close