Жаңалықтар

Мәжіліс депутаты Әбиба Әбужақыноваға көлік сыйлады

Фото: ашық дереккөз

Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында жүлде ала алмаған дзюдошы Әбиба Әбужақыноваға көлік мінгізді.

Бұған дейін ол дзюдошыға өз атынан сыйақы беретіні туралы Instagram-дағы парақшасында жазған болатын.

«Түнімен дөңбекшіп ұйықтай алмадым. Оған себеп – Әбиба қарындасымның көз жасы. Бұл намыстың көз жасы. Бұл тектіліктің белгісі. Бұл үлкен тәрбиенің үлгісі! Қысқасы, Әбиба қызымызға өз атымнан арнайы сыйақы беремін. Парижде Қазақстанның абыройын қорғаймын деп барын салды. Жарақат алса да қайтқан жоқ. Осындай еңбекті бағалау керек. Осындай патриоттықты насихаттау керек! Қанеки, жалғастырайық, Қазақтың Жігіттері!», – деп жазды депутат.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close