Жаңалықтар
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Киевте қастандық жасалған қазақстандық журналист Айдос Садықов жайлы пікірін айтты
Айта кетсек, кеше Киевте қазақстандық журналист Айдос Садықовқа оқ атылған болатын ,-деп хабарлайды Qandastar.kz
Оқиға туралы Украина Ұлттық полициясының баспасөз қызметі хабарлаған. Олардың айтуынша, Киев полициясының 102 нөміріне В. Ярмола көшесінде (Шевченко ауданы) атыс естілгені туралы хабарлама түскен. Тәртіп сақшылары көшеде тоқтап тұрған көлікке белгісіз біреудің жақындап келіп, оқ жаудырғанын, содан кейін оның қашып кеткенін анықтаған.
Көлікте қазақстандық журналист пен әйелі отырған. Әйелдің зардап шекпегені айтылады.
Украина Бас прокуратурасы ауруханада жатқан белсендінің жағдайы ауыр екендігін мәлімдеді.