Жаңалықтар

Мәжіліс депутаты Шерзаттың өліміне қатысты құзырлы органдарға сауал жолдағанын айтты

Фото: ашық дереккөз
Мәжіліс депутаты Нартай Аралбай Талғарда көз жұмған Шерзат Полаттың өліміне қатысты депутаттық сауал жолдағанын хабарлады. Құзырлы органдар орын алған қайғылы жағдайға байланысты жауап жолдады, деп жазады  qandastar.kz
Бас прокуратура:
04.10.2024ж. Алматы облысының Талғар ауданынының орталық ауруханасында кəмелетке толмаған Ш. Полат қайтыс болған.
04.10.2024ж. Алматы облысының Талғар аудандық ПБ ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 5,7,9,14) тармақтарымен тергеп-тексеруді бастаған (аса қатыгездiкпен жасалған, адамдар тобының, алдын ала сөз байласуымен, бұзақылық ниетпен, көрінеу кəмелетке толмаған адамды өлтіру).
Оған қоса ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық, пышақтарды немесе өзге де суық қаруды қолданып жасалған іс-əрекеттер) жəне ҚК-нің 434-бабы бойынша (қылмыс туралы хабарламау) қылмыстық істер тіркелген (бір іс жүргізуге біріктірілді).
Іс бойынша 11 күдікті тұлға ұсталды жəне сот оларға қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасын санкциялады.
Бүгінде қылмыстық іс шеңберінде тиісті сараптамалар тағайындалды, орын алған оқиғаның мəн-жайларын анықтауға бағытталған тергеу əрекеттері жүргізілуде.
Олардың нəтижелері бойынша құқықтық баға беріліп, процестік шешім қабылданатын болады.
Сауалда көрсетілген Алматы, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар жəне Ақтөбе облыстарында орын алған қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеу барысы қатаң бақылауда.
Нəтижесі бойынша процестік шешім қабылданады.
**********************
 ҚР Оқу-ағарту министрлігі:
 Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Сіздердің білім беру ұйымдарында «Құқық негіздері» пәннің бағдарламасын қайта қарап, балаларды өмірде бетпе-бет келетін жайттар мен өмірден алынған нақты кейстерге сүйеніп оқытуға қатысты сауалдарыңызға келесіні хабарлайды.
Жалпы білім беру ұйымдарында «Құқық негіздері» оқу пәні 9, 10, 11-сыныптарда оқытылады.
Білім мазмұнын жетілдіру аясында 9, 10, 11-сыныптарға арналған «Құқық негіздері» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасының жетілдірілген жобасы сараптамадан өткізілгенге дейін педагогтер, ғалымдар, сарапшылар мен әдіскерлер арасында талқыланады.Талқылау нәтижесі және сараптама қорытындысы негізінде берілген ұсыныстар бойынша оқу бағдарламасының жобасына толықтырулар енгізілетін болады.
Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close