
Фото: ашық дереккөз
Мәжілістің жалпы отырысында Әділ Жұбанов жаңа Құрылыс кодексіне қатысты сұрақ қойды. Депутат бас мердігердің субмердігерге 30%-дан астам жұмыс тапсырмауына тыйым салынатынын атап өтті. Бұл шектеу былтыр “мемлекеттік сатып алу” заңында бюджет қаражатын игеріп жатқан жұмыстарға енгізілгенін білетінін, ал жеке инвесторларға не себепті осындай талап қойылғанын сұрады, деп жазды qandastar.kz
Алайда өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев сұрақты толық түсінбей, оны қайта қоюды өтінді. Тіпті министр сұрақты орыс тіліне аударғанымен, оған да жауап бере алмады. Соңында министр: “Сұрағыңызды толық түсінбедім, бірақ қарастырамыз” деп мәлімдеді.
Бұл оқиға әлеуметтік желілерде үлкен реакция тудырды. Көптеген қолданушылар министрдің екі тілде де сауалды түсінбеуіне таңқалып, сынға алды. “Министр қазақша да, орысша да сұрақты түсінбегеніне сену қиын”, “Желіде бәрі түсінді, тек министр ғана түсінбеген сияқты”, “Мүмкін бұл министр емес, робот шығар? Қайта жүктеу керек сияқты” деген әзіл-шыны аралас пікірлер жазылды.