Әлеумет және қоғамСаясат

Мәжіліс медицина саласына қатысты заңнамалық түзетулерді бірінші оқылымда қабылдады

Мәжіліс ғылым саласына қатысты заңнама түзетулерін бірінші оқылымда қабылдады. Құжат ғылыми инфрақұрылымға қолжетімділікті арттыруға, денсаулық сақтау жүйесін дамытуға және әлеуметтік құқықтарды қорғауға бағытталған.

2026 жылғы 25 ақпанда Мәжіліс депутаттары ғылым саласын реттейтін заңнамаға енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда қабылдады. Заң жобасы Мәжіліске 2024 жылғы 27 мамырда енгізілген болатын. Qandastar.kz сайты Zakon.kz сайтындағы мәліметке сілтеме жасап хабарлады.

Заң жобасының қорытындысында былай делінген:

«Заң жобасы ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу негіздерін жетілдіруге бағытталған».

Құжатта келесі негізгі құқықтық нормалар көзделген:

  • бірлесіп пайдалану мақсатында ғылыми зертханалардың инфрақұрылымына қол жеткізу тетіктерін айқындау;

  • Ұлттық ғылым академиясын квазимемлекеттік сектор субъектісі ретінде белгілеу, оның мүлкін қалыптастыру көздерін, қаржыландыру тәртібін және міндеттемелері бойынша жауапкершілігін реттеу;

  • ғылыми жобалар мен бағдарламаларды іске асыру мерзімін есептеу механизмін жетілдіру;

  • ғалымдардың құқықтарын қорғау және ғылыми қызметкер мәртебесін нығайту.

Сонымен қатар, үкімет бастамасымен денсаулық сақтау саласында референс-орталықтар құру көзделіп отыр. Олар жоғары технологиялы медициналық көмектің стандарттарын қамтамасыз етіп, диагностика сапасын арттырады және салаға әдістемелік қолдау көрсетеді.

Заң жобасы дәрілік заттарды тіркеу және қайта тіркеу рәсімдерін біріктірілген мемлекеттік қызмет форматына көшіру арқылы оңтайландыруды да қарастырады. Бұл қажетті дәрі-дәрмектер мен медициналық құралдардың ішкі нарыққа жылдам шығуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен бірге Әлеуметтік кодекске сақтандыру төлемдері мен зейнетақы аннуитеті бойынша мұрагерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған өзгерістер енгізілген. Айта кетейік, 2025 жылғы қазанда Мәжіліс депутаттары жеке медициналық сақтандыру жүйесін енгізу ұсынысын көтерген болатын.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button