Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Мәжіліс талапты күшейтті: Енді петиция жариялау қиындайды

Мәжіліс депутаттары «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заң жобасын екінші оқылымда қабылдап, петиция институтына қойылатын талаптарды қатаңдатты. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат агенттігі Vlast.kz сайтына сілтеме жасап. 

Мәжіліс мүшесі Магеррам Магеррамов кей мәселелерді петицияға енгізуге болмайтынын атап өтті.

Жаңа заңға сәйкес, петицияға келесі тақырыптар енгізілмейді: қоғамдық моральға нұқсан келтіру; жеке және заңды тұлғалардың абыройы мен беделін қорлау; ұлтаралық немесе конфессияаралық келісімге қауіп төндіру; амнистия мен кешіру; соғыс, зорлық, қатаңдықты насихаттау; нәсілдік, діни кикілжіңді қоздыру, экстремизм, сепаратизм; есірткі насихаты және тағы басқа қауіпті әрекеттер.

Магеррамовтың айтуынша, бұл түзетулер құқықтық кепілдіктерді күшейтіп, петиция платформасын деструктивті пайдалану мүмкіндігін азайтуға бағытталған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button