Жаңалықтар
Мәжілісте Түркістан қаласының мәртебесіне қатысты заң қабылданды
Фото: ашық дереккөз
Мәжіліс «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң мен ілеспе түзетулерді екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды qandastar.kz
Заң Түркістанды рухани-мәдени, тарихи және туристік орталық ретінде қалыптастыруды, тарихи мұраны қорғауды көздейді.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қорғау аймағынан 100 метр радиуста биіктігі 7 метрден асатын және тарихи ескерткіштермен үйлеспейтін нысандар салуға тыйым салынады. Қолөнершілер шығындарының 10%-25%-ын жергілікті бюджет өтейді.
Түркістан әкімдігіне 27, мәслихатқа 7 жаңа өкілеттік беріледі. Жер кодексіне және тарихи-мәдени мұра мен құрылыс саласындағы заңдарға өзгерістер енгізіледі.