Жаңалықтар
Мәжілістің жалпы отырысы басталды
Фото: ашық дереккөз
Мәжіліс бірінші оқылымда депутаттар бастамашы болған «Пошта туралы» заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды талқылайды, деп жазады qandastar.kz
Екінші оқылымда Бюджет кодексінің жобасын және оған бюджет заңнамасын жетiлдiру мен «Концессиялар туралы» заңның күші жойылды деп тану туралы ілеспе түзетулерді, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін өзгерістер туралы заң жобасын қарайды. Сонымен қатар күн тәртібінің жобасында «Мәдениет туралы» заңға толықтырулар енгізу туралы заң жобасы, дипломатиялық қызмет мәселелері бойынша түзетулер, Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және Иран, Сингапур Республикалары арасындағы еркін сауда туралы екі ратификациялық келісім бар. Тікелей эфирді parlam.kz ресми сайтынан, Мәжілістің YouTube арнасы мен Facebook парақшасынан, 24KZ және Jibek Joly телеарналарынан көре аласыздар. Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызды оқи жүріңіздер.