Жаңалықтар

Мбаппе Әзербайжанмен болған матчта тағы да жарақат алды

Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам команда капитаны Килиан Мбаппенің 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясында Әзербайжанға қарсы өткен ойында тағы да тобығынан жарақат алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qandastar.kz Report порталына сілтеме жасап.

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы ойынның 83-минутында ауырсынуға байланысты алаңнан алмастырылды.

Бұл – бұрын да жарақат алған сол аяғы. Демалыс кезінде ауырсыну басылады, бірақ ойын барысында қарсыласпен қақтығыстан қашып құтыла алмайсың. Қазір Мбаппе өзін жайсыз сезініп жүр – бұл біз үшін алаңдатарлық белгі, – деді Дешам.

Кездесу Франция құрамасының 3:0 есебімен айқын жеңісімен аяқталды.

Айта кетейік, осы матчтың алдында Мбаппе тобық жарақатының қайталануына байланысты Франция құрамасының жаттығуына қатыспаған болатын.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button