Жаңалықтар

«Медаль керек емес, кінәлілер жазалансын» — қайтыс болған фельдшердің жолдасы жазба жариялады

Астанада жаралы азаматты құтқару кезінде қаза тапқан жас фельдшер Ұлдана Мырзуанның жұбайы көпшіліктің жүрегін елжіреткен жазбасымен бөлісті. Дәрігер Әділет Зейнел отбасына жанашырлық танытып, қолдау көрсетіп жатқан барлық жанға алғыс білдірді, деп хабарлайды qandastar.kz

«Шаңырағыма сән, тіршілігіме мән болдың… Маңдайыма сыймадың ба, періштем? Сен мәңгі менің жүрегімдесің», – деп жазды қара жамылған жолдасы.

Ол тергеудің әділ және ашық жүргізілуін қалайтынын ерекше атап өтті.

«Ешқандай медаль да, жұбату сөз де жүрегімнің иесін маған қайтара алмайды. Үйіме нұр, құт, береке әкелген, Алла қосқан адал жарымды жоқтап, оның тілеуін тілеген бүкіл қазақ еліне шексіз ризамын. Осы күнге дейін Алладан жүрегімді аман сақтап, сабыр беруін сұрап, қасында болып дұға еттім. Сабырмен қабылдауға тырыстым. Ендігі тілегім – соттың әділ өтуі, тергеудің таза жүргізілуі. Құдай қосқан қосағымның жаны тыныш болуы үшін бұл істі соңына дейін жеткізуім керек. Жауаптылар өз жазасын алуы тиіс!» – деді ол.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button