Жаңалықтар
“Медалімді ломбардқа өткізгім келді“. Назым Қызайбай жүлде алған кезін еске алды
Фото: instagram.com/tv7_kz/
Жазғы олимпиада ойындарының жүлдегері Назым Қызайбай «Әйгерім Сейфолламен сырласуда» телебағдарламасына берген сұхбатында ең алғаш жүлде алған кезін еске алды, – деп хабарлайды qandastar.kz Massaget.kz сілтеме жасап.
Ол алғашқы медалін сатып жібергісі келгенін жеткізді.
«Алғашқы медалімді Қазақстан чемпионатында Ермахан Ибрагимов таққан болатын. Сол кезде Ермахан ағамен суретке түсіп, ең бірінші жеңісім осындай. Бізге медаль табысталатын уақытта оны алтын деп береді ғой, не дегенімен, бірінші орын. Мен оны тағып алып, алтын деп ойлап тұрмын, негізі шынымен алтын екенін ол кезде білмедім. Содан «мынаны ломбардқа өткізіп, ақшасын үйге берсем» деген ой келді. Көмектескім келді. Медальдің құны алтындай болды. Сол кезде көзге көріндім. Сөйтіп, уақытымнан бұрын әйелдер арасында жұдырықтаса бастадым. Кейінірек бір жиынға бас баспер мені басқа қыздар келмей қалғандықтан олардың орнына шақырды. Ол кезде өзімді көрсету үшін жүгіретінмін. 2010 жылы Қазақстан бойынша әйелдер арасындағы чемпион болдым, содан кейін құрама қатарына қосылдым», – деді ол.