Әнші Медеу Арынбаев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаевқа арналған әннің тарихын еске алды, деп хабарлайды qandastar.kz
Арынбаевтың «Дариға жүрек» атты шығармасы 2005 жылы жарық көрген. Әнші Airan-ға берген сұхбатында сол кездегі жағдайды бөлісті.
«Ол кезде маған әннің кімге арналатынын немесе нақты мақсатын түсіндірмеді. Тек тыңда да, орында дегендей болды. Сол сәттен бастап мен әнді орындадым, әрі бәрі осымен аяқталды. Бұл тек «Хабар» ұжымының Дариға Нұрсұлтанқызына деген шағын сыйы болатын», — деді Арынбаев.



