ДенсаулықЖаңалықтар

Медицинадағы есептер: Жеке клиникалар қайтыс болған азаматтарға «қызмет көрсеткен»

Қаржы министрлігі жүргізген медициналық ақпараттық жүйелердің IT-аудиті жүйелі заңбұзушылықтарды әшкереледі.  Бұл туралы Qandastar.kz ҚР Үкіметінің ресми Теlegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Атап айтқанда, жалған пациенттерді тіркеу, қайтыс болған азаматтарға медициналық қызмет көрсету, бір адамға бір күнде жүздеген тексеру жүргізу фактілері тіркелген.

Мәселен, 996 қайтыс болған пациентке қатысты 3 640 медициналық қызмет көрсету дерегі анықталған. Олардың ішінде 2023 жылы қайтыс болған адамды 2025 жылы қабылдауға жазған жағдайлар бар.

Сондай-ақ Астанада бір жекеменшік клиникада бір күнде 1 442 пациент қабылданғаны көрсетілген.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button