Жаңалықтар

Медреседегі ұстаздың былығын айтқан қазақстандық әйел жұрттың жағасын ұстатты (ВИДЕО)

Қазақстандық Фатима Байбақты TikTok-та хиджапты шешуі мен өзінің дінге деген көзқарасын қатқыл жеткізуі арқылы көпшілік назарын аударды, деп жазады qandastar.kz.

«Майын тамызып» подкастының қонағы болған ол, медреседе куә болған былықтарын айтып берді.

Айтуынша, ол ұзақ жыл өзіне зиян тигізген ортада өмір сүрген. Бақытсыз некеде 9 баланы дүниеге әкеледі. Жолдасының тарапынан эмоционалды және физикалық қысым көрген.

Биыл ол ажырасып, қазір 9 баламен бір бөлмелі пәтерде жаңа өмірді бастауға талпынып жүр. Фатима 30 келіге жуық салмақ тастап, өз жолын қайта іздеп жатқанын айтады.

Оның ұстаздарының былықтары туралы айтқан видео, әлеуметтік желіде кең тарады.

«70 тен асқан ұстаз еді. 18 жасымда мені бөлмеге кел деп шақырып алды. Медреседе сабақ беретін ұстаз деп сыйлап жұрген адам. Бардым, сөйлесіп отырғанда «сен қандай сауап жинау керек екенін білесің бе?» деді. Әйел адам ер адамның жыныс мүшесін ұстаса сауап, оның сандарын да айтты. Мен таң қалып қалдым, сол кезде менің көзім ашылды», — дейді ол.

@halyk_partiyasyМайын тамызып подкастында Фатиманың күрес пен өзгеріс жолы. Жіберіп алмаңыз.♬ оригинальный звук — Халық партиясы

Ұқсас Мақалалар

Back to top button