
Алматыда жаппай төбелес кезінде екі жасөспірім пышақ жарақатынан көз жұмған болатын.
Танымал заңгер Мейірман Шекеев істі қолға алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Айтуынша, екі күдіктіге адам өлтіру фактісі бойынша, ал қалғандарына бұзақылық бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Бұл іс біздің өндірісімізге келіп түсті. Қазіргі таңда барлық мән-жайлар анықталу үстінде.
Алғашқы мәліметтерге сәйкес, екі күдіктіге адам өлтіру фактісі бойынша, ал қалғандарына Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қайтыс болған Димаштың ата-анасы мен туыстары халықтан қолдау сұрайды. Олардың айтуынша, пышақ қолданған күдіктінің туыстары ықпалды адамдар болғандықтан, соттың әділдігіне күмән келтіріп отыр.
Өкінішке қарай, тағы бір кәмелетке толмаған жасөспірімнің өмірі қыршыннан қиылды.
Алдын ала ақпарат бойынша, екі жігіт өзара төбелескен кезде, күдіктілердің бірі қалтасынан пышақ алып шығып, жігітше емес тірлік жасағаны көрінеді», — деп жазды заңгер.



