
Былтыр дүние есігін ашып, сәбиін перзентханадан дүркіретіп шығарып алған әнші Мейрамбек Бесбаев қызы Айзияның тұсаукесер тойын атап өтті, деп хабарлайды qandastar.kz.
Отбасылық мерекеге өнер иесінің барлық достары, өнер майталмандары қатысты. Халықтың сүйікті әншісі Мейрамбек Беспаев өзінің әлеуметтік парақшасында тойын аман-есен өткізіп алғанын және барша құттықтап келген жандарға алғысын жеткізді.
Аизияның тұсауын ел мақтанышы Сәкен Майғазиевтің жары Динара Майғазиева кесті.
– Тұсауың кесілген сәттен бастап өмірің гүлдей құлпырып, бақытқа толсын! Әрдайым ибалы да инабатты қыз болып, ата-анаңның үмітін ақтап, елдің сүйікті аруы бол, – деп, Динара Майғазиева көк шөппен тұсауын кесті.