Жаңалықтар

Мектепке балгер шақырған мектеп тексерілмек

  • Фото коллаж: ашық дереккөз

Жамбыл облысындағы мектепке «Томирис» лақап атымен белгілі бақсы келген, деп хабарлайды Qandastar.kz. Ең қызығы, онымен өтетін кездесуге мектеп мұғалімдерінен 4 мың теңгеден ақша жинаған.

Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сүйенсек, бақсының 4 метр болатын шлейфі бар көйлегін оқушылар сүйреп жүрген. Ол мектепке көмектесемін деген алдарқату оймен мектепке жыртылған киім, сынған ойыншықтар сондай-ақ іске жарамайтын компьютер берген.

Әлеуметтік желілерде таралған видео көпшіліктің наразылығын тудырып үлгерді. Жергілікті журналист Мадияр Ералыұлы өзінің желідегі парақшасында видеоны бөлісіп, мәселенің мән-жайы туралы жазба жариялаған. Журналистің айтуынша, “Томирис ханшайым” болып киінген әйел Тереңөзек ауылының тумасы Гүлсара Суазқызы екен. Әйел өзін денсаулық сақтау саласының үздігі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Мишель Нострадамус атындағы проскопия ғылымдарының академигі деп таныстырған.

Бақсы ішімдік пен есірткіге тәуелділіктен емдейді-мыс. «Томирис» мектепке «материалдық көмектен» бөлек 500 мың аударамын деп уәде еткен.  Алайда ол ақша аударылмаған.

Желіде тараған ақпаратқа қатысты Жамбыл облыстық білім басқармасы мәлімдеме жасады.

«Жамбыл ауданы Тұрар Рысқұлова атындағы орта мектеп басшылығының айтуынша, осы мектептің түлегі Көпбаева Гүлсара Суазқызы аз қамтылған отбасынан шыққан 100 оқушыға қайырымдылық көмек көрсетуді ұсынған. 2024 жылдың 29 тамызында Тереңөзек ауылының мәдениет үйінде ауыл тұрғындарының қатысуымен іс-шара өткен. Мектеп басшылығы кездесу туралы жергілікті атқарушы билікке хабарламаған. Аталған мәселе бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің балалар құқығын қорғау жөніндегі уәкілі, Жамбыл облысы әкімдігінің білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету басқармасы арнайы тексеріс жүргізіп жатыр», – делінген Жамбыл облыстық білім басқармасының хабарламасында.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close