Жаңалықтар

Мектепке жаңадан келген оқушының ата-анасы мұғалімді негізсіз жұмыстан шығартып жіберген

Фото: ашық дереккөз

Алматыдағы мектеп-лицейлердің бірінде ата-аналар мұғалімді жұмыстан шығуға мәжбүрлеген. Stan.kz тілшісіне бір ата-ананың педагогті жұмыстан шығуға итермелегені айтылды, деп хабарлайды  qandastar.kz

Наурызбай ауданындағы №207 мектеп-лицейінде 3-сынып оқушыларының ата-аналары сынып жетекшісінің  жұмыстан шығып кеткеніне наразы болып отыр.

 

Негізі сыныпта 35 оқушы болған. Бірақ бір оқушы қыркүйекте жаңадан келген.

«Келгелі мұғалімге тыным жоқ. Директорға апайдың үстінен шағым түсірген. Болмаған соң директор ата-аналар жиналысын жасады. Бірақ педагогтің үстінен арыз жазған ата-ана жиналысқа келмеді. Мұғаліміміздің 35 жылдық тәжірибесі бар. Келесі жылы зейнетке шыққалы отыр. Тәжірибелі мұғалім болғандықтан ол кісіні қайтарғымыз келеді. Біз де шағым түсірген ата-анамен өзіміз сөйлескіміз келді. Бірақ ол кездесіп, сөйлесуден бас тартты. Оның мақсаты – апайды жұмыстан шығару. Мұның барлығы бір айдың ішінде болып отыр. Балаларымыз мұғалімнің өз еркімен жұмыстан шығып кеткенін айтты. Айтуынша, мұғаліміміз жылап кетіпті», – дейді ата-ананың бірі.

Ата-ананың айтуынша, мектеп директоры шағым түсірген анамен сөйлесіп, баласын басқа мектепке ауыстыруын ұсынған. Алайда ол басқа мектепке ауысудан бас тартқан. Бірақ жаңадан келген оқушы мен оның ата-анасына мектептегілер наразы.

«Ол әйел үйде отырып алып бәрін бүлдіреді, мұғалімді жылатып, кешірім сұратады. Ол кісімен оқу ісінің меңгерушісі сөйлескен. Сонда «Мазамды алмаңыздар. Айтарымды айттым. Қолдарыңыздан не келеді, жасайтындарыңызды жасаңыздар» деп айғайлап жауап берді», – дейді ашынған ата-ана.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close