
“Меломен” тобының әншісі Ролан Қазретов “1001 түн” бағдарламасына берген сұхбатында отбасындағы сүйінші жаңалығын бөлісті. Өнер иесі жақында алғаш рет әке атанып, қызын бауырына басқанын айтты, деп хабарлайды Qandastar.kz
Әншінің айтуынша, бұл қуанышқа жету үшін 12 жыл күтім мен шыдам қажет болған.
«12 жыл дегенде қызды болдық. Тұңғыш қыз. Алла сынақты берген кезде, оған төтеп беретін күшті де өзі береді екен ғой. Елдер жұбайым екеумізге “Қанша жыл шыдадыңдар, екеуің мықтысыңдар” деп айтып жатыр, бұл біздің мықтылығымыз емес, Алланың берген күші деп ойлаймын. Тұңғышымды қолыма алып, әке атанудың ерекше сезім екенін түсініп жатырмын. Балалы жандардың жағдайын енді жақсырақ түсіндім. Жақындарымның тілектері мен жұбайым екеуміздің шыдамымыздың арқасында осы бақытты күнді сезінудеміз», – деді ол.



