Жаңалықтар

Мемлекет МӘМС жарналарын төлеуді тоқтатпақ

Фото: ашық дереккөз
Астана денсаулық сақтау басқармасының басшысы тұрғындардың медициналық қызметті тегін алу үшін өзін жұмыссыз ретінде тіркеп жатқанын айтты. Бұл туралы qandastar.kz Besmedia сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемова жұмыссыз ретінде тіркелген қазақстандықтардың әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын қаржыландырмауды ұсынды.

«Тіркелген жұмыссыздардың саны жыл сайын артып келеді. Олардың көпшілігі міндетті медициналық сақтандыру бойынша белгілі бір қызметтерді тегін алу үшін жұмыссыз ретінде тіркелген. Еңбек нарығын тұрақтандыру мақсатында жұмыссыздарды жеңілдетілген санаттан толығымен алып тастауды ұсынып отырмыз», – деді ол.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Астанада сақтандырылмағандар саны – 339 530 адам, бұл халықтың 23%-на тең. Оның ішінде 12,5 мың адам Е санатына (төтенше жағдай), 44,5 мың адам D санатына (дағдарыс деңгейі) жатады.

«Қазіргі уақытта біз E және D санатындағы азаматтардың әлеуметтік жағдайын анықтап жатырмыз, 1 тамыздағы жағдай бойынша D санаты бойынша 263 адам, Е санатындағы 223 адам жұмыссыз ретінде тіркелген», – деді ол.

Төтенше жағдай деңгейіне (Е санаты) жұмыстан кенеттен айырылған, денсаулығының күрт нашарлаған немесе басқа да төтенше жағдайлардағы адамдар кіреді. Бұл адамдарға жағдайын тұрақтандыру үшін шұғыл көмек қажет.

Дағдарыс деңгейіне (D санаты) ұзақ уақыт жұмыссыз, тұрақты қаржылық қиындықтары бар адамдар, созылмалы аурулары және басқа да әлеуметтік проблемалары бар адамдар кіреді. Бұл адамдарға ұзақ мерзімді қолдау қажет.

Еске салсақ, бұған дейін МӘМС жарнасын төлейтін қазақстандықтар үшін МРТ мен компьютерлік томография арзандайтыныайтылды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close