Қаржы және төлемдер
Мемлекеттік кірістер басқармасы ірі салық төлеушілердің заңсыздықтарын жасырған

Фото: ашық дереккөз
Шымкент қаласының Мемлекеттік кірістер басқармасы жалпы сомасы 709,5 млн теңгеге жалған шот-фактура жазып берген 5 салық төлеушіге қатысты 5 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі заңсыз тоқтатқан, деп хабарлайды qandastar.kz
Бұл заңсыздықты Шымкент қаласының Тұран ауданының прокуратурасы тексеріс жүргізген кезде анықтады.
turkystan.kz жазғандай, рокуратура араласқаннан кейін жоғарыда көрсетілген істерді тоқтату туралы қаулылардың күші жойылды.
Жалған шот-фактура жазып берген салық төлеушілерге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 280-бабы (Жалған шот-фактура жазып беру) бойынша жалпы сомасы 85,1 млн теңге әкімшілік айыппұл салынды.
Қазіргі уақытта 41,6 млн теңге өндірілді. Осылайша емлекеттің материалдық мүддесі қорғалды.