ЖаңалықтарШоу бизнес

Мемлекеттік марапат алған актер жол ережесін елемей, сынның астында қалды

Жақында «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын алған қазақстандық актер Еркебұлан Тоқтар жол қозғалысы ережесін бұзды. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат агенттігі Instagram желісіндегі imedia.com.kz парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбада актердің Алматы қаласында жаңа автокөлік тізгіндеп келе жатып, қауіпсіздік белдігін тақпағаны байқалады. Қалалық қозғалыс жағдайында бұл  жол қауіпсіздігі талаптарын өрескел бұзу болып саналады.

Аталған видео желі қолданушылары арасында қызу талқылауға себеп болды. Көпшілік пікір иелері актердің өнер саласындағы жетістіктері мен мемлекеттік марапаттарына қарамастан, заң алдында бәрі бірдей екенін атап өтті. Олардың айтуынша, танымал тұлғалар қоғамға үлгі болуы тиіс.

Қазіргі таңда актердің бұл әрекетіне қатысты ресми органдар тарапынан түсініктеме берілген жоқ.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button